YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЛига 1Футбол

«ПСЖ» Франция Суперкубогын жеңіп алды

ПСЖ - Марсель

Франция Суперкубогы үшін өткен матчта «ПСЖ» пенальти сериясында «Марсельді» жеңді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Кувейтте өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында париждіктер 4:1 есебімен басым түсті.

Ойынның 13-минутында Усман Дембеле есеп ашты. 76-минутта Мэйсон Гринвуд пенальтиден таразы басын теңестірді. 87-минутта доп «ПСЖ» қақпасына Вильян Пачодан секіріп кірді. Алайда қосымша уақытта, 95-минутта, Гонсалу Рамуш есепті қайта теңестіріп, команданы жеңілістен құтқарды.

Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда Люка Шевалье екі соққыны қайтарып, шешуші пенальтиді Дезире Дуэ дәл орындады.

Осылайша, «ПСЖ» өз тарихында 14-рет Франция Суперкубогының иегері атанды.

Ұқсас мақалалар

Анчелотти салық ісі бойынша шартты жаза алды

«Қайраттың» алдағы қарсыласының маңызды ойыншысы қашан оралатыны белгілі болды

Мұхаммед Салах Рождествомен құттықтағаны үшін сынға қалды

Redaktor Yersport