YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарКонференциялар лигасыФутбол

Григорий Бабаян: «Бірінші нөмірмен ойнаудан гөрі, барлық фазада дұрыс әрекет ету маңызды»

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі албаниялық «Динамо Ситиге» қарсы қарымта матч алдында өз командасынан қандай ойын күтетінін айтты, деп хабарлайды Yersport.kz.

Маманның айтуынша, қазіргі футболда бірінші нөмірмен ойнаудан бұрын, доппен де, допсыз да барлық ойын фазасында сауатты әрекет ету әлдеқайда маңызды.

«Мұнда мәселе бірінші нөмірмен ойнауда емес. Алғашқы матчты еске түсірсеңіздер, ойынның әртүрлі кезеңдері болды: алғашқы 20 минутта бастама қарсыластың қолында болды, кейін допты біз бақыладық. Ең бастысы – ойынның барлық фазасында дұрыс ойнай білу. Бірінші нөмірмен ойнау маңызды емес, ең маңыздысы – доппен де, допсыз да дұрыс әрекет ету. Қазіргі футболда кез келген командаға еркін кеңістік берсең немесе өз алаңында ойнап жатырмын деп алға ұмтылсаң, міндетті түрде жазалайды. Ал егер ұйымшыл әрі жинақы ойнасаң, кез келген қарсыласқа қиындық туғызасың. Бұған кеше өткен Испания мен Франция арасындағы матч дәлел. Көпшілік Францияның қуатты шабуылы испандарды талқандайды деген еді. Бірақ біз Испанияның ойын ұйымдастыру деңгейін, допты қаншалықты жақсы бақылағанын көрдік. Француздар іс жүзінде көзге түскен жоқ», – деді Бабаян.

Еске салайық, Тиранада өткен алғашқы кездесуде «Астана» Рамазан Кәрімовтің жалғыз голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта матч 16 шілде күні «Астана Аренада» өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Ұқсас мақалалар

ҚФФ-де Дастан Сатпаевқа қатысты ұстанымын мәлімдеді

Redaktor Yersport

Үміт сыйлаған бір гол

Перес Педриден екінші Фигу жасай ала ма?