YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Англия Кубогынан ұшқаннан кейін Брунуның X-тегі аккаунтын бұзып алды. Хавбектің атынан «INEOS-тен құтылуға» шақырып, криптовалюта жарнамалаған

Бруно Фернандеш

Бруну Фернандештің әлеуметтік желідегі аккаунты бұзылды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандештің X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасын хакерлер бұзып алған.

Англия Кубогында «МЮ» «Брайтоннан» 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін Брунудың аккаунтында бірнеше арандатушылық жазба пайда болды. Атап айтқанда, португалиялық футболшының атынан «INEOS-тен құтылу керек» деген үндеу жарияланған (бұл – кәсіпкер Джим Рэтклиффке тиесілі компания, ол «Юнайтедтің» 25% акциясына иелік етеді – Спортс).

Сондай-ақ хакерлер Брунудың 6-дивизиондағы «Макклсфилдке» ауысатынын «жариялаған» (бұл клуб бұған дейін Кубокта «Кристал Пэласты» ұтқан), оның атынан криптовалюта жарнамалап, футболшы Алиша Леманнге, инфлюенсер KSI-ге және порноактриса Бонни Блюге тіл тигізетін жазбалар қалдырған.

Бұдан бөлек, Фернандештің парақшасында «Ливерпульмен» өткен матчтың таблосы бейнеленген фото да жарияланған. Ол ойында «МЮ» 0:7 есебімен ойсырай жеңілген еді.

«Бруну Фернандештің X әлеуметтік желісіндегі аккаунты бұзылды. Жанкүйерлерге қандай да бір жарияланымдармен немесе жеке хабарламалармен байланысқа түспеуге кеңес береміз», – делінген «Манчестер Юнайтед» баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта хакерлер Брунудың атынан жариялаған барлық жазбалар өшірілді.

Бруно Фернандештің Х-парақшасынан
Бруно Фернандештің Х-парақшасынан
Бруно Фернандештің Х-парақшасынан

Ұқсас мақалалар

«Челси» жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды

Кварацхелия 2025 жылы Чемпиондар лигасын ұтса да, Грузияның үздік спортшысы атанған жоқ

«Не болса да, мені сындыра алмайды». Матвей Сафонов жарақаты туралы