YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарСаудия Про ЛигасыФутбол

«Әл-Наср» қатарынан үш матчта жеңіске жете алмады

Әл-Наср - Әл-Кадиссия

«Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының 14-турынан кейін көшбасшы «Әл-Хиләлден» тағы да алыстай түсті, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Симоне Индзаги жаттықтыратын «Әл-Хиләл» бұл турда «Әл-Хаземді» 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир кестесінде 35 ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды. Осылайша, олар «Әл-Насрдан» 4 ұпайға ұзап кетті.

Ал Криштиану Роналду ойнайтын «Әл-Наср» «Әл-Кадисиядан» 1:2 есебімен жеңілді. Роналду бұл матчта гол соққанымен, командасын жеңілістен құтқара алмады. Бұған дейін эр-риядтық клуб «Әл-Ахлиден» 2:3 есебімен ұтылып, ал 2025 жылғы соңғы ойында «Әл-Иттифакпен» 2:2 есебімен тең түскен еді.

Қазіргі таңда «Әл-Насрдың» еншісінде 31 ұпай бар. Бір ойын қоры бар «Әл-Таавун» (28 ұпай) бұл көрсеткішке жақындай алады.

Ұқсас мақалалар

Венесуэлалық журналист: «АҚШ-ты әлемдік спорттан ешкім ысырып шығара алмайды және олардың елінде өтетін әлем чемпионатын да тоқтатпайды»

Астанада пара дзюдодан Gran prix турнирі өтеді

«Реал» Родридің келісімшарт жағдайын бақылап отыр және оны өз қатарына қосуды ойластыруы мүмкін