YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Ат спортыБасты ақпаратГимнастикаЖаңалықтарҚысқы спортМәнерлеп сырғанауСараптамаХоккей

Михаил Шайдоров Қытайда өткен Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунцин (Қытай) қаласында өткен гран-при турнирінде 276,17 ұпай жинап, екінші орынға ие болды

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 93,21 ұпай, еркін бағдарламада 182,96 ұпай жинады.
Жарыс жеңімпазы жапониялық Сюн Ято 278,48 (98,75+179,73) болса, француз Адам Сяо Хим Фа қола жүлдеге қол жеткізді. 252,53 (91,22+161,31)

Айта кетейік, Гран-при кезеңінің қорытындысы бойынша үздік алты спортшы финалға жолдама алады. Финал 6-8 желтоқсан күндері Гренобльде (Франция) өтеді.

Михаил Шайдоров әзірге финалдан үмітті үш спортшының тізімінде көш бастап тұр

Ұқсас мақалалар

Қазақстан Кубогының 2025 жылғы финалы Қызылордада өтеді

Семеньо «Манчестер Ситиге» ауысты

«Кристал Пэлас» Еуропа Лигасы үшін соңына дейін күреседі