YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Тен Хаг кезінде «МЮ» жеңіске жетіп, Англия Кубогының финалына шықты және Лига кубогын ұтты. Эрик кеткен соң команда 1/4 финалдан әрі аса алмады әрі 7 матчтың 4-еуінде жеңілді

Манчестер Юнайтед

Тен Хагсыз «Манчестер Юнайтед» кубоктық турнирлерде жеңіске қарағанда жиі жеңіліп жүр, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Эрик тен Хаг қызметінен кеткеннен кейін (2024 жылдың қазаны) «МЮ» Англияның кубоктық жарыстарында сәтсіз өнер көрсетуде.

Нидерландиялық бапкердің жетекшілігімен өткен екі жылдан астам уақытта команда Англия Кубогын жеңіп алды, тағы бір мәрте оның финалына шықты, сондай-ақ Лига кубогында топ жарды.

Ал тен Хаг кеткеннен кейінгі кезеңде манкуниандықтардың нәтижелері мынадай:
– 2024/25 маусымында – Лига кубогынан 1/4 финалда, Англия Кубогынан 5-раундта шығып қалды;
– 2025/26 маусымында – Лига кубогынан 2-раундта, Англия Кубогынан 3-раундта жарысты аяқтады.

Осы аралықта «Манчестер Юнайтед» аталған турнирлерде барлығы 7 матч өткізіп, соның 4-еуінде (негізгі уақытта немесе пенальти сериясында) жеңіліп қалды.

Ұқсас мақалалар

«Трактор» алты матчтан кейін алғаш рет жеңіске жетті

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-При турнирінің финалына қатысады

Redaktor Yersport

«Барселона» Канселудың трансфері туралы жаңалықты қайта жариялады. Бұған дейін клуб қорғаушының ауысуына қатысты жазбаларды сайт пен әлеуметтік желілерден өшірген еді