YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарСараптамаФутбол

Қазақстан құрамасын енді Байсуфинов басқарады

Талғат Байсуфинов — ұлттық құраманың бас бапкері атанады

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновты ұлттық командаға тұрақты бас бапкер етіп тағайындады, деп хабарлайды Sport24.kz.

Бұған дейін уақытша қызмет атқарған маман енді толыққанды келісімшартқа қол қойып, құраманы басқарады.

Қыркүйектің соңынан бастап уақытша бас бапкер ретінде жұмыс істеген Байсуфиновтың жетекшілігімен құрама ресми үш матчта 5 ұпай жиналды: Люксембургті 4:0 жеңіп, Солтүстік Македониямен 1:1, Бельгиямен 1:1 тең түсті.

Ал Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы бейресми жолдастық матчта жеңіліс болды.

Ұқсас мақалалар

Джуниор Кабананга спорттық мансабын аяқтады

УЕФА Ұлттар Лигасының 1/4 финалына шыққан командалар анықталды

Redaktor Yersport

Мареска тұсында негізгі құрамға ену қиын болды: кейбір ойыншылар бапкердің сеніміне қалай кіру керегін түсінбеген (The Athletic)