YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Халық күткен Халк — жалған хайп болып шықты

«Атлетико Минейро» шабуылшысы Халктың агенті Патрисия Мендес қазақстандық клубпен ешқандай келіссөз болмағанын мәлімдеді.

Біз «Ақтөбемен» келіссөз жүргізген жоқпыз және жүргізіп жатқан жоқпыз. Халк — «Атлетико Минейроның» ойыншысы, оның келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды, — деді Мендес.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» Нани мен Халкпен келіссөз жүргізіп жатыр деген ақпарат тараған еді. Алайда Халк клубтан жылына шамамен 2 млн еуро жалақы сұрағаннан кейін, келісім жүзеге аспай қалғаны айтылды.

Ұқсас мақалалар

Миланда Олимпиадаға АҚШ иммиграциялық және кедендік полициясы (ICE) агенттерінің қатысуына қарсы митинг өтті

Redaktor Yersport

«Каталондық дерби» даулы ұрандарға толы болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия — Германия арасындағы ойынды тамашалауға барды