YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарТеннис

Қазақстанның екінші ракеткасы күтпеген жеңіліске ұшырады

Александр Шевченко

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (ATP рейтингінде 84-орын) Францияның По қаласында өткен «челленджер» турнирінің ширек финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Yersport.kz.

1/4 финалда Шевченко германиялық Хенри Сквиремен (282-орын) кездесіп, фаворит саналған еді. Алайда тартысты матчта үш сет қорытындысы бойынша — 7:6 (7:5), 6:7 (6:8), 6:7 (4:7) — қарсыласына жол берді.

Осылайша Александр турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Сквире жартылай финалға шығып, онда франциялық Бенжамен Бонзимен (131-орын) ойнайды.

По қаласындағы турнирдің жүлде қоры 203 900 еуроны құрайды. Жеңімпаз 30 460 еуро сыйақы алып, 125 рейтингтік ұпай еншілейді.

Ұқсас мақалалар

Гвардиола «Ман Ситиге» тағылған 115 айып жөнінде: «Бұл менің құзырымда емес. Тек шешімді күту ғана қалды»

Қазақстан құрамасы күздегі қарсыластарын анықтады

Азия Чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы