YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCЖаңалықтар

«Усман Нурмагомедов — ерке өскен бала. Қиындық туса, сынып қалады» — Альфи Дэвис

Умар Нурмагомедов

PFL ұйымының британдық жауынгері Альфи Дэвис алдағы қарсыласы, жеңіл салмақтағы PFL чемпионы, ресейлік Усман Нурмагомедов туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Yerpsort.kz сайты.

Дэвис пен Нурмагомедов чемпиондық белбеу үшін 7 ақпанда БАӘ-нің Дубай қаласында өтетін PFL турнирінде жекпе-жекке шығады.

«Қиындықтар басталғанда ол маған өмірде бәрі дайын күйінде ұсынылған адамды еске салады. Усман — еркелетіп өсірілген бала. Бұл өмірде бәрі өзінен-өзі келген жігіт. Ол дядясы барлық жауынгерлік дағдыларды үйреткен отбасында өсті. Бірақ нағыз сынақ келіп, мінез көрсету керек болғанда, ол сынып қалады», — деді Дэвис MMA Junkie-ге берген сұхбатында.

Альфи Дэвис ММА-де 23 жекпе-жек өткізіп, 17 рет жеңіске жеткен. Ал Усман Нурмагомедовтың еншісінде 20 жекпе-жектің 20-сында да жеңіс бар.

Ұқсас мақалалар

Роберт Левандовски маңызды матчтарды өткізіп алуы мүмкін – жарақаты күткеннен де ауыр болып шықты

«ПСЖ» мен Франция арасындағы дау: париждіктер енді ұлттық құрамаға ойыншысын жібермеуі мүмкін

Redaktor Yersport

«Қалғым келді». Адиевтің Қазақстан құрамасынан кетуінің шынайы себебі айтылды