YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарСерия АФутбол

«Арсенал» «Миланның» 19 жастағы талантына қызығушылық танытты

Давиде Бартезаги

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, «Арсенал» «Милан» клубының қорғаушысы Давиде Бартезагиді өз құрамына қосуды көздеп отыр.

Дереккөздің хабарлауынша, италиялық клуб жас талантпен оңай қоштаспақ емес, өйткені оны ұзақ мерзімді жобасының маңызды бөлігі ретінде қарастырады.

Давиде Бартезаги — «Милан» академиясының түлегі. Ол бұл клубта 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Футболшының «Миланмен» қазіргі келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды.
Transfermarkt порталы 19 жастағы қорғаушының нарықтық құнын 18 миллион еуро деп бағалап отыр.

Ұқсас мақалалар

Азия Чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы

«Будё/Глимт»: Шағын қаладан – Еуропа шыңына дейін

Никита Бояркин ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысады

Redaktor Yersport