YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Шетел чемпионатының үздік қақпашысы ҚПЛ клубын ресми түрде күшейтті

"Қайсар" ФК

«Қайсар» клубы словак қақпашысы Адам Ковачпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Yersport.kz қызылордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 жастағы Ковачпен жасалған келісімнің егжей-тегжейі әзірге нақтыланбады.

Өткен маусымда ол «Вахш» клубы сапында 21 матч өткізіп, 17 гол жіберді. Сонымен қатар жеті ойында қақпасын «құрғақ» сақтап, Тәжікстан чемпионатының үздік қақпашысы атанды.

Айта кетейік, Адам Ковач мансабы барысында «Нитра» (Словакия), «Сеница» (Словакия), «Оттелос» (Кипр), «Олимпиакос» (Кипр) және «Зноймо» (Чехия) клубтарында да өнер көрсеткен.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан Қатардағы үстел теннисі турниріндегі өнерін аяқтады

ЛЕБРОН ДЖЕЙМС: ЕҢ ҰЗАҚ СЕРИЯ СОҢЫНА ЖЕТТІ

Гүлайым Рахмонова неке келісімшарты туралы алғаш рет ашық айтты