YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарСерия АФутбол

Никлас Фюллькруг «Миланға» ауысуға жақын

Никлас Фюллькруг

«Вест Хэм» клубының шабуылшысы Никлас Фюллькруг Италияға келіп, бүгін «Милан» сапында медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Италиялық клуб 32 жастағы неміс футболшысын маусым соңына дейін жалға алуды, сондай-ақ келісімшартқа толық сатып алу опциясын қосуды жоспарлап отыр. Барлық ресми рәсімдер бүгін аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, Фюллькруг ағымдағы маусымда Ағылшын Премьер-лигасында 8 матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алған жоқ.

Ұқсас мақалалар

«Ақтөбе» бас бапкерінің ресми жұмыстан кету жайлы арызы бес күннен кейін күшін жойды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Азия Чемпионатында төрт алтын жүлде алды

Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасында жүз гол соққан үшінші ойыншы атанды