YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

«Женис» экс-бапкеріне ҚПЛ-дан кеткеннен кейін еурокубокқа шығу міндеті қойылды

Андрей Демченко

Бұрын астаналық «Женис» клубын басқарған, қазір әзербайжандық «Араз-Нахчыванның» бас бапкері болып жүрген Андрей Демченко маусымның екінші бөлігіне дайындық жайлы айтты, деп хабарлайды Yersport.kz ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жағдай қалыпты, бәрі жұмыс тәртібімен жүріп жатыр. Әзербайжанда чемпионаттың бірінші және екінші айналымы арасында шағын үзіліс бар. Форматтары бөлек болғандықтан, команда 21 желтоқсанда бірінші айналымдағы соңғы ойынын өткізді, ал келесі матч 23 қаңтарға жоспарланған. Уақыт жоғалтуға болмайды, жұмыс толық қарқынмен жүріп жатыр. Ойыншылар екі апта демалып алды, қазір екі апталық дайындық кезеңі өтуде. Алдымыздағы мақсат — еурокубокқа жолдама алу», — деді маман.

Еске сала кетейік, украиналық бапкер Әзербайжан клубымен «5 ай + 1 жыл» схемасы бойынша келісімшартқа қол қойған.

Демченко «Женистен» сәтті кезеңнен кейін кетті: оның жетекшілігімен астаналықтар 17 матч өткізіп, 8 рет жеңіске жетті, 6 ойында тең ойнады және небәрі 3 рет жеңілді (доп айырмасы — 32:21). Орта есеппен команда бір ойынға 1,76 ұпай жинап, ҚПЛ-ды қорытындысында 6-орынмен аяқтаған еді.

Ұқсас мақалалар

Нани: Роналду бала кезінен нені қалайтынын білді

Redaktor Yersport

Bild: «Барселона» Фликпен келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартқысы келеді

Ферреро Алькараспен жұмысты тоқтатуы туралы: «Қазір жүрегім ауырып тұр, бірақ есікті жаппаймын»