YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Максим Самородов қатарынан үш ойында гол соқты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самордов ресейлік «Ахмат» сапында қатарынан үшінші ойында мергендігімен көзге түсті.

Алдымен «Крыля Советов» (16-тур) командасына гол соққан Максим, екінші ойында «Зенит» (Ресей Кубогы) қақпасына гол соғып, үшінші ойында «Динамо Мәскеу» (17-тур) қақпасын дәл көздеді. Өкінішке қарай Грозный қаласының командасы Максим гол соққан үш ойынның екеуінде жеңіліп, бір ойында тең түсті. Самородов «Ахмат» қрамында 16 ойынға қатысып, 4 гол соқты. Сонымен қатар Максимнің еншісінде 2 нәтижелі пас бар.

Дәл қазір «Ахмат» 17 ойыннан кейін 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде 15-орында келеді.

Ұқсас мақалалар

Федор Смолов футболшылардың танымалдығы мен брендке айналудың маңызын айтты

Астанада әйелдер волейболының апталығы өтеді

«Астана» мен «Қайсардың» бұрынғы ойыншысы Чемпиондар Лигасында гол соқты

Redaktor Yersport