YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратЖаңалықтар

Топурия: «Махачевті Хабибтің көз алдында жеңгім келеді»

UFC-дің жеңіл салмақтағы (lightweight) чемпиондық белбеуінің иегері, 28 жастағы жеңіліссіз испан-грузин файтері Илия Топурия жартылай орта салмақтың чемпионы, ресейлік Ислам Махачевпен ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

— Мен өзімнің басты артықшылығым грэпплинг деп есептеймін, алайда соңғы уақытта көрермендер дәл соны көргісі келе бермейтінін түсіндім. Дегенмен, Исламмен болатын жекпе-жекте бұл керісінше, барлығы күткен дүние болуы мүмкін. Мен онымен айқаста стойкада басымдыққа ие боламын, үш-төрт нақты соққы жасаймын да, Хабибтің көз алдында жеңіске жетемін. Мен соны қатты қалаймын, — деді Топурия.

Сондай-ақ файтер қарсылас командасының өкілдеріне қатысты өткір пікірін де жасырмады.

— Олар өздеріне тым сенімді, тіпті менмен. Егер осыдан кейін Хабиб араласқысы келсе, мен оған да қарсы тұруға дайынмын, — деп келтіреді Топурияның сөзін Red Corner MMA парақшасы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, қазіргі таңда Топурия UFC-дегі жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді, ал Махачев — ұйымдағы ең мықты чемпиондардың бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Макгрегор өз сыра бренді Шара Буллет пен Царукянның белдесуін ұйымдастыруға көмектескенін мақтан етті

Redaktor Yersport

ҚПЛ клубы орталық қорғаушыға қатысты ресми шешімін жариялады

Redaktor Yersport

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты топ-10 рейтингінен шығарылды