YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ГимнастикаЖаңалықтарҚысқы спортМәнерлеп сырғанау

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ ГРАН-ПРИ ФИНАЛЫНДА ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАНЫ АЯҚТАДЫ

Жапонияның Нагоя қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалы басталды. Қазақстан атынан Михаил Шайдоров қатысып, қысқа бағдарламада бірнеше қателікке жол беріп, 71.30 ұпай жинады. Осылайша, ол аралық есепте алтыншы орында тұр.

Байрақты бәсекеде көшбасшылықты жапониялық Юма Кагияма (108.77) ұстап тұр. Екінші орынға тағы бір жапониялық спортшы Шун Сато (98.06), ал үшінші орынға АҚШ өкілі Илья Малинин (94.05) жайғасқан.

Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді, сол кезде жарыстың соңғы нәтижелері анықталмақ.

Ұқсас мақалалар

«Барселонаның» бас бапкері команда көшбасшысын құрамнан шығарды

Жаңа футбол маусымы қай қалада басталатындығы белгілі болды

Redaktor Yersport

Морган Роналдудың бойкоты туралы: «Криштиану Сауд Арабиясы футболында төңкеріс жасады. Ол тек бәріне бірдей жағдай болғанын қалайды»