YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратТеннис

Бублик — ATP 500 турнирінің жартылай финалында

Александр Бублик

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 10-орын) Нидерландының Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалында испаниялық Хауме Муньярды (37-орын) драмалық матчта жеңді, деп хабарлайды Yersport.kz.

Бублик қарсыласын үш сет қорытындысы бойынша — 6:4, 6:7 (4:7), 7:6 (7:3) — тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Кездесу 2 сағат 45 минутқа созылды.

Енді Александрдың келесі қарсыласы канадалық теннисші Феликс Оже-Альяссим (6-орын) болады.

Роттердамдағы ATP 500 турнирінің жүлде қоры 2 462 660 еуроны құрайды. Жеңімпаз 460 555 еуро сыйақы алып, 500 рейтингтік ұпай еншілейді. Турнирдің басты фавориті — австралиялық Алекс Де Минаур (8-орын), ол бірінші нөмірмен тіркелген.

Ұқсас мақалалар

Криштиану Роналду мансабында 14-рет бір жылда 40 және одан да көп гол соқты

Александр Бублик: мансабымды аяқтауға жақын болдым

Хавьер Маскерано «Интер Майами» командасының бас бапкері болды