YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЛа ЛигаФутбол

«Барселона» тарихи антирекордын қайталады

«Барселона» Ла Лига аясында «Реал Сосьедадқа» қарсы ойында сирек кездесетін жағдайға тап болды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Ханси Флик баптайтын команда матч барысында бес рет қақпа бағанасына немесе маңдайшасына тигізді, алайда 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Каталондық клуб соңғы рет Ла Лигада қақпа жақтауына бес рет тигізіп, жеңіске жете алмаған жағдай 1945 жылы тіркелген. Ол кезде «Барселона» «Мурсиямен» тең ойнаған.

Opta Sports деректеріне сәйкес, егжей-тегжейлі статистика жинала бастаған 2006/07 маусымынан бері Еуропаның топ-5 лигасында мұндай жағдай небәрі екі рет қана болған. Алғашқысы — 2020 жылдың қыркүйегінде өткен «Брайтон» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матч, екіншісі — бүгінгі «Барселонаның» ойыны.

Ұқсас мақалалар

Лапорта «Реал» туралы: «Барса» мәңгілік қарсыласын терең құрметтейді, бірақ кейбір мәселелер қарым-қатынасты алыстатты. Қазір байланыс үзілген жағдай қалыптасты»

Бублик — ATP 500 турнирінің жартылай финалында

Қазақстанның болашағы: 17 жастағы Сәтпаев жаһандық рейтингке енді