YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Танымал қазақстандық шабуылшы жаңа клубта ресми түрде таныстырылды

Тоқтар Жаңғылышбай

32 жастағы қазақстандық шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы Yersport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен маусымды форвард «Қызылжар» сапында өткізді. Ол Қазақстан Премьер-лигасында 16 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Маусым қорытындысында петропавлдықтар турнир кестесінде 9-орынға, ал көкшетаулықтар одан бір саты жоғары орналасты.

Тоқтар Жаңғылышбай — Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын «Шахтерде» бастап, кейін он жыл ішінде он түрлі клубта ойнады. Оның еншісінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 7 матч бар. Сонымен қатар ол «кеншілер» құрамында ел чемпионы, Қазақстан Кубогының және Суперкубоктың иегері атанған.

Ұқсас мақалалар

«Будё/Глимт»: Шағын қаладан – Еуропа шыңына дейін

Президент кубогы: Елордалық «Барыс» командасы «Амурдан» басым түсті

admin_yersport

Алонсо өз футболшыларын қорғау үшін бәріне дайын. Тіпті, сұсты Симеонеге де қарсы шықты