YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутболЭль-Классико

Ямаль «класико» алдында инстаграмдағы профиліне «Самурай Джек» деп жазып, суретін ауыстырды және жарнамалық жазбалардан басқасының бәрін жасырды

Ламин Ямаль

«Барселонаның» вингері Ламин Ямаль «класико» қарсаңында әлеуметтік желідегі парақшаларын өзгертті, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Испания Суперкубогындағы «Реалмен» өтетін шешуші матч алдында футболист инстаграмдағы сипаттамасына «Самурай Джек» деп жазып, профильдегі фотосын ауыстырды және жарнамалық жазбалардан басқа барлық посттарын жасырды.

«Самурай Джек» мультсериалы сиқырлы қылышы бар, Джек деген лақап атпен танылған самурай туралы баяндайды. Бұл қылыш — зұлымдықтың бейнесі саналатын Аку демонын жоя алатын жалғыз қару. Олардың шайқасы барысында демон басты кейіпкерді алыс болашаққа жіберіп жібереді, онда әлемді Аку билейді. Оқиға ары қарай Джектің Аку мен оның әскеріне қарсы күресі жайында өрбиді.

Скриншот: instagram.com/lamineyamal
Скриншот: instagram.com/lamineyamal

Ұқсас мақалалар

Елена Рыбакина Australian Open–2026 матчі алдында жағымды жаңалық алды

Кэррик маусым соңына дейін «МЮ»-ді басқарады. Клуб бапкермен келісімге келді (The Athletic)

Анчелотти салық ісі бойынша шартты жаза алды