YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

Қазақстандық футболшы Испания чемпионатындағы ірі жеңістің қаһарманы атанды

Ғабидолла Оразалы

«Валенсия» клубының 13 жастағы шабуылшысы Ғабидолла Оразалы Испания чемпионатының 16-туры аясында «Эльчеге» қарсы өткен ойында екі бірдей нәтижелі әрекет жасап, көзге түсті. Бұл туралы Yersport.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жас қазақстандық футболшы «жарқанаттарға» «Эльченің» құрдастарын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңуге көмектесті. Қанаттағы шабуылшының соққысы соншалықты қатты болды, доп қорғаушыдан рикошет алып, торға түсті. Сонымен қатар Оразалы нәтижелі пас та орындады.

Айта кетейік, бұл гол Ғабидолла Оразалы үшін маусымдағы 13-ші дәл соққы болды. Бұдан бөлек, бойы ірі ойыншы Валенсия автономды қауымдастығының құрамасының матчтарына да тұрақты түрде шақырылып жүр.

Ұқсас мақалалар

Бублик мансабындағы 9-шы титулын жеңіп алып, алғаш рет топ-10 қатарына енді

Қазақстанның екінші ракеткасы күтпеген жеңіліске ұшырады

МЮ жеңісті барбекюмен атап өтпек: үнем мен өзгерістер дәуірі