YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Қозғалыстағы ұрпақ – қуатты болашақ

Спорт – белгілі ережелер мен дәстүрлерге сай, басым бөлігі сайыс түрінде өткізілетін әрекет. Жалпы алғанда адамзаттың физикалық және логикалық қабілеттілігі қатты сыналатын, өмірдің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Мысалы, физикалық тұрғыдағы спорт түрлерінің біріне жеңіл атлетика ойындарын жатқызатын болса, логикалық спортқа – тоғызқұмалақ және шахмат сынды ойын түрлерін айтуға болады. Адам баласы спортпен өзін-өзі дамыту, адреналин алу үшін және де рухани тұрғыда жаңару мақсатында айналысады.

«Спорт» сөзінің алғаш шығуы көне Француз тілінен бастау алады, “desport” – “көңіл ашу” деген мағынаны білдіреді. Дәл осы сөз ағылшын тіліне 1300 жылдары пайда болған. Уақыт өте келе басқа да елді-мекендерге таралып, XIX ғасырдың соңына қарай қазақ тілінде қолданысқа ене бастады.

Қазіргі таңда спорттың көптеген түрлері елімізде кеңінен етек жайған. Оларды бөліп қарастырсақ, «ұлттық спорт» және «кәсіби спорт» түрлері деп ажыратуға болады. Ұлттық спорт түрлеріне – ат үстінде шабу (көкпар, қыз қуу, ат жарыс және т.б), белдесу (қазақ күресі, еркін күрес және қол күрес), асық ату, арқан тартыс, садақ ату және де теңге ілу сынды спорт түрлері жатады. Ал, Кәсіби спорт түрлеріне – бокс, таэквандо, шаңғы тебу және тағы басқаларын кіргіземіз.

Қазіргі таңда, «спорт» кез-келген адамның күнделікті өмірінің құрамдас бөлігіне айналды. Оған қарапайым дәлел, кез-келген ата-ана ер жетіп келе жатқан ұлдары мен бой жетіп келе жатқан қыздарын спорттық үйірмеге жазады. Мұның өзі жас бүлдіршіндеріміздің болашағына денсаулық тарапынан алаңдау болып табылады. Одан бөлек, көптеген жастарымыз әр күн сайын таңертең ерте тұрып, таңғы жаттығу жасауды челленджге айналдырды. Бұл үдеріс әсіресе әлеуметтік желілерге кеңінен жол ашты. Мысалы, INSTAGRAM және TIK TOK желілеріне үңілер болсақ, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бейнероликтерін таңдана тамашалайтын жан бар, ол – Жарылқасын Алпамыс. Өзінің қанатты сөздері мен бойға рух беретін жігерлі іс-әрекеттері арқылы, еліміздің ер-жігіттерінің спортқа деген құлшынысы мен талпынысын арттыруға септігін тигізіп жүр.

Сонымен қатар, отансүйгіш жастарымыз үшін келешек спорттың маңызы өте жоғары. Қазіргі кезде дәл осы мәселемен айналысып жүрген аты әлемге әйгілі, еліміздің біртуар азаматы, әуесқой бокспен қатар кәсіпқой бокста да елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің туын үлкен ареналарда желбіреткен спортшымыз, қазіргі таңда халықаралық World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы  – Геннадий Головкин. Ол 2026 жылдың 24-ші ақпан күні Қытай Халық Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Гао Чжиданмен Милан қаласында келіссөздер жүргізгенін өзінің INSTAGRAM парақшасында мәлімдеді. Ол желідегі басылымының астына “–Ынтымақтастығымыздың болашағы мен өзара іс-қимылдың басым бағыттарын жан-жақты талқылауға мүмкіндік болғанына қуаныштымын.”- деп жазып қалдырды. Бұл келіссөздер, болашақта еліміздің спорттық тұрғыда даму жолына үлкен жаңалық әкелетіні анық.

Қорытындылай келе, спорт – тек денені шынықтыратын құрал ғана емес, ол адамның мінезін қалыптастырып, ерік-жігерін шыңдайтын, өмірге деген көзқарасын өзгертетін ерекше құбылыс. Спортпен айналысқан адам тәртіпке үйренеді, мақсат қоя біледі және сол мақсатқа жету жолында табандылық танытады. Бұл қасиеттер кез келген салада табысқа жетудің негізгі кілті екендігі анық. Бүгінгі таңда спорт тек жеке даму құралы емес, ол – ел абыройын асқақтататын, ұлттың рухын көтеретін маңызды күш. Әлемдік ареналарда көк туымыздың желбіреуі – әрбір Қазақстан азаматының(-шаның) жүрегіне мақтаныш ұялатады. Сондықтан спортқа деген қызығушылықты арттыру, оны өмір салтына айналдыру – әрбір жас ұрпақтың алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Есте сақта!  «Спорт» сөзі өз атауынан бөлек – “ұтысу”, “ойын”, “аулау”, “шынығу”, “көңіл ашу” деген мағыналарды береді.

Алматы қаласы, Алатау ауданы

№201 МГ

11-сынып оқушысы

Байтөре Азамат Бауыржанұлы

Ұқсас мақалалар

«Айнтрахт» «Барселонамен» ойында жанкүйерлерінің ісінен кейін жазаланды

Тарихқа жазылған финал: Суперкубок шежіресіндегі жаңа белес

Redaktor Yersport

Ресми: Александр Заруцкий — «Ақтөбе» ойыншысы