YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ДзюдоЖаңалықтар

Еуропа қарашы бұл қазақтың баласы — қазақ дзюдошысы Нұрмұхамет Ботабай

16 – 17 мамыр аралығында дзюдодан Испания елінде European Open 2026 халықаралық турнирі өтті. Дүниежүзінің мықты балуандары жиналған байрақты бəсекеде қазақстандық спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жарыстың алғашқы күнінде -66 кг салмақ дəрежесінде белдескен отандасымыз – Нұрмұхамет Ботабай ел қоржынына алтын медаль салды.

Нұрмұхамет финалға дейін бес белдесу өткізіп, əр кездесуінде шеберлігі мен қайсар мінезін көрсетті. Жартылай финалда өз командаласы Ақжігіт Насырмен кездесіп, финалдық жолдаманы сарапқа салды. Белдесу барысында Нұрмұхамет қарсыласына мүмкіндік бермей, таза жеңіске жетті.

Алтын медаль Қазақстандық Нұрмұхамет Ботабай мен АҚШ спортшысы Ари Берлинер арасында сарапқа салынды. Ари Берлинердің 2 юко ұпайымен алда келе жатқанына қарамастан Нұрмұхамет жүйелі əдістер жасап, соңғы секундта таза жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз Еуропа жұртшылығын өзіне қаратып, алтыннан алқа тағып, əнұранымызды шырқатты.

Нұрмұхамет Қарағанды қаласының тумасы. Жастар арасында өткен 2023 жылғы Қазақстан Республикасының жеңімпазы. 2024 Tunis African Open турнирінде топ жарған. Жəне халықаралық Үлкен дулыға жарыстарының қатысушысы. Еуропаға өз есімін жаттатқызған Нұрмұхаметтің бұл жеңісі халықаралық аренадағы үлкен жетістіктерінің бастауы екеніне сенеміз.

Ұқсас мақалалар

Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасында жүз гол соққан үшінші ойыншы атанды

Тони Кроос әлем чемпионатына 48 құраманың қатысуына қарсы екенін мәлімдеді

«Барселона» «Ньюкаслды» сезбей өтті