YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының себеттері белгілі болды

2025 жылдың 15 маусым — 13 шілде аралығында АҚШ-та клубтар арасындағы Әлем Чемпионаты өтеді. Қазіргі кезде турнирдің барлық 32 қатысушысы белгілі болды. Соңғы жолдаманы осы маусымда Либертодорес Кубогында жеңіске жеткен бразилиялық Ботафого командасы иеленгені белгілі.

ФИФА күні кеше қатысушы командаларды рейтингіне сәйкес төрт себетке бөлді.

1 себет: «Манчестер Сити» (Англия), «Реал» Мадрид (Испания), «Бавария» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Фламенго» (Бразилия), «Палмейрас» (Бразилия), «Ривер Плейт» (Аргентина), «Флуминенсе» (Бразилия).

2 себет: «Челси» (Англия), «Боруссия Д» (Германия), «Интер» (Италия), «Порту» (Португалия), «Атлетико» (Испания), «Бенфика» (Португалия), «Ювентус» (Италия), «РБ Зальцбург» (Аустрия).

3 себет: «Әл-Хиләл» (Сауд Арабиясы), «Ульсан» (Оңтүстік Корея), «Әл-Ахли» (Египет), «Видад» (Марокко), «Монтеррей» (Мексика), «Леон» (Мексика), «Бока Хуниорс» (Аргентина), «Ботафого» (Бразилия).

4 себет: «Урава Ред Даймондс» (Жапония), «Әл-Айн» (БАӘ), «Эсперанс» (Тунис), «Мамелоди Сандаунз» (ОАР), «Пачука» (Мексика), «Сиэтл Саундерс» (АҚШ), «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия), «Интер Майами» (АҚШ).

Клубтық Әлем Чемпионатының жеребе тарту рәсімі 5 желтоқсан күні Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді.

Ұқсас мақалалар

Сан-Марино құрамасы Ұлттар Лигасының С лигасына көтерілді

Redaktor Yersport

Президент кубогы: Елордалық «Барыс» командасы «Амурдан» басым түсті

admin_yersport

«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті