YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Анчелотти салық ісі бойынша шартты жаза алды

Испания соты әйгілі футбол бапкері Карло Анчелоттиге 2014 жылғы салық төлеуден жалтарғаны үшін бір жылға шартты жаза тағайындады. Сонымен қатар, 65 жастағы маман 386 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Іс материалдарына сәйкес, Анчелотти «Реал Мадридті» алғаш баптаған кезеңінде өз имидждік құқықтарынан түскен табысты толық көрсетпеген. Испания заңына сай, екі жылдан аспайтын және алғаш рет жасалған құқықбұзушылықтар үшін жаза шартты түрде белгіленуі мүмкін. Сондықтан аты аңызға айналған бапкер нақты қамауға алынбайды.

Қазіргі таңда Бразилия құрамасының тізгінін ұстаған Анчелотти бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Әлімханулы – Лара: Жәнібек титулдық жекпе-жектен қағылды

Ағылшын кубогының 4-раунд ойындары жалғасуда

Корретха Алькарас пен Феррероның қоштасуы туралы: «Қатты таңғалдым әрі көңілім қалды. Мұндай шешімге әкелетіндей жағдай соншалықты ауыр болды деп ойламаймын»