YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

Ким Мин Джэнің соққан голы «Баварияға» үш ұпай сыйлады

УЕФА Чемпиондар Лигасының бесінші туры аясында Мюнхендегі «Альянц-Арена» стадионында «Бавария» мен ПСЖ кездесіп, ойын минималды есеппен германиялық команданың пайдасына аяқталды.

Ойынның 38-минутында қақпашы Матвей Сафоновтың қателігін сәтті пайдаланған Оңтүстік Корея құрамасының қорғаушысы есеп ашып, мюнхендіктер үш ұпайға қол жеткізді. Екінші тайм барысында, 57- минутта қонақтардың ойыншысы Усман Дембеле ойындағы екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

«Бавария» осы жеңістің арқасында 9 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11 орынға жайғасса, ПСЖ 26 орында келеді. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік 24 команда жарысты жалғастырады.

Ұқсас мақалалар

Ферреро Алькараспен жұмысты тоқтатуы туралы: «Қазір жүрегім ауырып тұр, бірақ есікті жаппаймын»

Каспийдің ғаламат маусымы: Ұлттық лига қорытындысы

Redaktor Yersport

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы «Арсеналмен» матчтан кейін мақтау алды