YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарСараптамаФутбол

Қазақстан құрамасын енді Байсуфинов басқарады

Талғат Байсуфинов — ұлттық құраманың бас бапкері атанады

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновты ұлттық командаға тұрақты бас бапкер етіп тағайындады, деп хабарлайды Sport24.kz.

Бұған дейін уақытша қызмет атқарған маман енді толыққанды келісімшартқа қол қойып, құраманы басқарады.

Қыркүйектің соңынан бастап уақытша бас бапкер ретінде жұмыс істеген Байсуфиновтың жетекшілігімен құрама ресми үш матчта 5 ұпай жиналды: Люксембургті 4:0 жеңіп, Солтүстік Македониямен 1:1, Бельгиямен 1:1 тең түсті.

Ал Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы бейресми жолдастық матчта жеңіліс болды.

Ұқсас мақалалар

АПЛ-де күйреу жалғасуда: „Вулверхэмптон“ рекордтық серияға жақындап қалды

Қазақстанның болашағы: 17 жастағы Сәтпаев жаһандық рейтингке енді

КПЛ-2026 маусымының күнтізбесі туралы ақпарат пайда болды