YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан ұлттық құрамасы

Какау Қазақстан құрамасындағы жаңа бразилиялық туралы пікір білдірді

Какау

Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері Какау жақын арада Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнау құқығына ие болатын «Аят» клубының бразилиялық шабуылшысы Жеже жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Yersport.kz сайты, Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

— Жеже жақын арада паспорт алады деп жатыр, оған үміт артасыз ба?
— Иә, мен бұл туралы білемін және қуаныштымын, өйткені ол өте мықты ойыншы. Алдымен біз жаттығу және ойын процесін дұрыс ұйымдастырып, күнтізбені құрып алуымыз керек. Содан кейін ғана қай футболшыларды ұлттық құрамаға шақыратынымды ойлаймын.

Еске салайық, бұған дейін Жеже барлық қажетті құжаттарды тапсырып, Қазақстан паспортын күтетінін айтқан болатын.

«Мен натурализацияланған қазақ атанатыныма өте қуаныштымын. Бұл ел маған қатты ұнайды және дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін», — деген еді бразилиялық шабуылшы.

Ұқсас мақалалар

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ ГРАН-ПРИ ФИНАЛЫНДА ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАНЫ АЯҚТАДЫ

Redaktor Yersport

Роберто Мартинес: «Роналду қашан кететінін өзі шешім қабылдайды»

«Будё/Глимт»: Шағын қаладан – Еуропа шыңына дейін