YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

Ислам Чесноков ойнайтын клуб африкалық құраманың мергенімен күшейді

"Хартс" ФК

Солтүстік Македонияның «Вардар» клубы мен Уганда құрамасының шабуылшысы Роджерс Мато шотландиялық «Хартспен» келісімге келді, деп хабарлайды Yersport.kz.

«Угандалық шабуылшы, ұлттық құраманың ойыншысы Роджерс Матомен келісімге келгенімізді қуана хабарлаймыз. Ол осы жазда “Хартстың” футболшысы атанады. 22 жастағы форвард “Вардармен” келісімшарты аяқталғаннан кейін үш жылдық келісімге қол қояды», – делінген «Хартс» клубының баспасөз қызметі хабарламасында.

Осы маусымда Роджерс Мато «Вардар» сапында 17 матч өткізіп, 15 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Хартс» Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың ауысқанын ресми түрде жариялаған еді.

Ұқсас мақалалар

Харри Кейн Kicker нұсқасы бойынша жылдың адамы атанды

Бокстан Қазақстан құрамасына Айтжановтың орнына кім келгені белгілі болды

admin_yersport

Фабрегас: «„Реалда“ әр ойыншы дәл өзі ойнауы керек деп есептейді. Алонсо жұмысының ең үлкен қиындығы — осы»