«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Ла Лиганың 20-турында «Реал Сосьедадтан» 1:2 есебімен жеңілген ойыннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.
— Мен көңілім қалды. Біз фантастикалық матч өткіздік, көптеген голдық мүмкіндіктер жасадық, бірақ нәтиже ойын барысын көрсетпейді.
Кейде бәрін дұрыс жасайсың, алайда сәттілік жетіспейді. Қорғаныста сәл жақсырақ ойнауымыз керек болған сәттер де болды. Дегенмен, бұл — футбол. Жалпы алғанда, бүгінгі ойынымызға өте ризамын, — деді «Барселонаның» бас бапкері.
