YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

БЕЙБАРЫС ҚАБЛАН – U21 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 87 келіден жоғары салмақта алтын медальға қол жеткізді.

Финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы жарыста алғашқы медалін жеңіп алды.

21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы таеквондо әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Дүбірлі додаға 75 елден шамамен 500 спортшы қатысуда.

Ұқсас мақалалар

АПЛ-де күйреу жалғасуда: „Вулверхэмптон“ рекордтық серияға жақындап қалды

Қазақстандық футболшы Испания чемпионатындағы ірі жеңістің қаһарманы атанды

Самат Смақов:  Үндістан мен Моңғолияның өзі бізден озып кететін түрі бар