YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

АПЛ-де күйреу жалғасуда: „Вулверхэмптон“ рекордтық серияға жақындап қалды

«Вулверхэмптон» Англия Премьер-лигасында қатарынан 11-ші жеңілісіне ұшырады. Роб Эдвардс жаттықтыратын команда 17-тур аясында өз алаңында «Брентфордқа» жол берді.

Маусым басталғалы бері «қасқырлар» небәрі екі матчта ғана жеңіске жеткен. Бұл жеңістердің екеуі де Лига кубогында тіркелген. Команданың соңғы жеңісі 23 қыркүйекке тура келеді. Сол ойыннан кейін «Вулверхэмптон» екі рет тең ойнап, тағы 11 кездесуде қарсыластарына есе жіберді.

Енді алдағы турларда «Вулверхэмптонды» аса ауыр сынақ күтіп тұр. Команда сырт алаңда «Ливерпуль» және «Манчестер Юнайтед» клубтарымен кездеседі.

Ұқсас мақалалар

«Манчестер Юнайтед» Рубен Аморимнің қызметтен кеткенін жариялады

Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының себеттері белгілі болды

Миланда Олимпиадаға АҚШ иммиграциялық және кедендік полициясы (ICE) агенттерінің қатысуына қарсы митинг өтті

Redaktor Yersport