YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

«Барселона» Канселудың трансфері туралы жаңалықты қайта жариялады. Бұған дейін клуб қорғаушының ауысуына қатысты жазбаларды сайт пен әлеуметтік желілерден өшірген еді

Жоау Канселу

«Барселона» Жоау Канселудың ауысуына қатысты жаңалықты қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Бүгін каталондық клуб «Аль-Хилаль» қорғаушысын маусым соңына дейін жалға алғанын ресми түрде хабарлаған болатын. Алайда біраз уақыттан кейін Португалия құрамасының ойыншысына қатысты барлық жазбалар клубтың ресми сайтынан және әлеуметтік желілерінен өшірілді.

Бұған Сауд Арабиясы клубы тарапынан талап етілетін құжаттардың бірінің сол сәтте ұсынылмауы себеп болғаны хабарланды.

Айта кетейік, Жоау Канселу бұған дейін де «блауграна» сапында 2023/24 маусымында өнер көрсеткен.

Ұқсас мақалалар

Артур Шушеначев Израильде қалатын болды

«Астанадан» кеткен бапкер Премьер-лига клубдарының қызығушылығы туралы айтты

Данияр Елеусіновтің рингке оралу күні белгілі болды

admin_yersport