«Қызылжар» футбол клубы Алишер Апсалямовты бас менеджер қызметіне ресми түрде тағайындағанын хабарлады.
Алишер Ерболатұлы Қазақстандық және шетелдік футболда мол басқарушылық тәжірибеге ие маман. 2025 жылы ол «Тобыл» ФК-да қызмет атқарып, маусым қорытындысы бойынша команда Қазақстан Кубогын жеңіп алды және ел чемпионатында үшінші орынға қол жеткізді.
2022 жылдан 2024 жылға дейін Апсалямов «Атырау» ФК-да жұмыс істеп, клубтың тұрақты дамуы мен спорттық жетістіктерін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Сонымен қатар, ол «Қайрат» ФК жүйесінде еңбек етіп, шетелдік тәжірибе жинаған. Атап айтқанда, Апсалямов Англия Премьер-лигасында өнер көрсеткен «Кардифф Сити» клубының құрылымында қызмет атқарған.
