YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Алишер Апсалямов «Қызылжар» ФК-ның бас менеджері болып тағайындалды

«Қызылжар» футбол клубы Алишер Апсалямовты бас менеджер қызметіне ресми түрде тағайындағанын хабарлады.

Алишер Ерболатұлы Қазақстандық және шетелдік футболда мол басқарушылық тәжірибеге ие маман. 2025 жылы ол «Тобыл» ФК-да қызмет атқарып, маусым қорытындысы бойынша команда Қазақстан Кубогын жеңіп алды және ел чемпионатында үшінші орынға қол жеткізді.

2022 жылдан 2024 жылға дейін Апсалямов «Атырау» ФК-да жұмыс істеп, клубтың тұрақты дамуы мен спорттық жетістіктерін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Сонымен қатар, ол «Қайрат» ФК жүйесінде еңбек етіп, шетелдік тәжірибе жинаған. Атап айтқанда, Апсалямов Англия Премьер-лигасында өнер көрсеткен «Кардифф Сити» клубының құрылымында қызмет атқарған.

Ұқсас мақалалар

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты топ-10 рейтингінен шығарылды

Қазақстан жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Усман Дембеле Францияның 2025 жылғы үздік спортшысы атанды