YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЛига 1Футбол

Эндрик «Нантқа» қарсы ойында алаңнан қуылды – «Лион» шабуылшысының екінші сары қағазы ВАР-дан кейін қызылға ауыстырылды

«Лион» шабуылшысы Эндрик «Нантқа» қарсы Лига 1 матчында алаңнан қуылды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

«Реалдан» жалға алынған бразилиялық ойыншы матчтың екінші таймында (1:0) қызыл қағаз алды. Төреші Матье Вернис оған 2-ші және 61-ші минуттарда екі сары қағаз көрсеткен.

Алайда ВАР араласқаннан кейін және бейнеқайталауды қарап шыққан соң, бас төреші Эндриктің екінші ескертуін тікелей қызыл қағазға ауыстырды – шабуылшы Демен Ассуманидің ахилл сіңіріне соққы жасаған.

Эндрик франциялық клуб сапында алтыншы матчына шықты. Алғашқы бес ойында ол 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Лион - Нант
Кадр ESPN телеарнасының тікелей эфирінен алынды

Ұқсас мақалалар

Дмитрий Бивол бұрынғы әйелін жала жабу ісі бойынша сотта жеңді

Redaktor Yersport

Қазақстан құрамасы күздегі қарсыластарын анықтады

«Монтеррей» Лукас Окампостың бетінің бір бөлігі сал болып қалғанын хабарлады

Redaktor Yersport