YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Ақтөбе» клубы 250 млн теңге жымқырды деп айыпталды

Ақтөбе облысының прокуратурасы «Ақтөбе» футбол клубының қызметін тексеріп, 250 миллион теңге көлемінде қаражаттың жымқырылғанын анықтады. Тексеру барысында клубтың ойыншыларды сатып алу мен сату және әуе тасымалдау шығындары бойынша күмәнді мәмілелер жасалғаны белгілі болды. Сонымен қатар, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражат клуб қызметкерлерінің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Облыстық прокуратура 189-бап (мүлікті ысырап ету), 190-бап (алаяқтық) және 361-бап (өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша 3 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

«Реалдың» трофейсіз сериясына бір жылдан асты

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы: Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды

Redaktor Yersport

Никлас Фюллькруг «Миланға» ауысуға жақын