YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Криштиану Роналду мансабында 14-рет бір жылда 40 және одан да көп гол соқты

Криштиану Роналду

«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Охдудқа» қарсы өткен матчта (3:0) дубль жасап, 2025 жылғы голдарының санын 40-қа жеткізді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Бұл голдар португалиялық футболшы үшін клубы мен Португалия ұлттық құрамасы сапындағы барлық турнирлерде соғылған 39-шы және 40-шы голдар болды.

Осылайша, 2025 жыл Роналду үшін мансабындағы бір маусымда 40 немесе одан да көп гол соққан 14-ші жыл атанды. Айта кетейік, оның ең үздік нәтижесі 2013 жылы тіркелген — сол жылы Роналду 69 гол соққан.

40 жастағы форвард бұл жетістікке Instagram желісінде қысқа әрі әзілмен жауап қатты:

«40 гол — 40 жаста 🧑‍🦳😂»

Криштиану Роналуд
Криштиану Роналдудың Instagram-парақшасынан алынды

Криштиану Роналдудың бір жылда 40 және одан да көп гол соққан маусымдары:

  • 2010 — 48 гол

  • 2011 — 60 гол

  • 2012 — 63 гол

  • 2013 — 69 гол

  • 2014 — 61 гол

  • 2015 — 57 гол

  • 2016 — 55 гол

  • 2017 — 53 гол

  • 2018 — 49 гол

  • 2020 — 44 гол

  • 2021 — 47 гол

  • 2023 — 54 гол

  • 2024 — 43 гол

  • 2025 — 40 гол

Ұқсас мақалалар

«Қайраттың» алдағы қарсыласының маңызды ойыншысы қашан оралатыны белгілі болды

«Вест Хэм» қысқы трансфер терезесінде ең көп қаржы жұмсаған клуб атанды

UFC аңызы Хабибтің бапкер ретіндегі табысының сырын түсіндірді: «Өзін екінші қатарға қойды»