YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратФутбол

Сантуш: «Роналду әлемнің үздігі болатынын айттым»

Фернанду Сантуш және Криштиану Роналду

Португалиялық маман Фернанду Сантуш Криштиану Роналдуның 2003 жылы лиссабондық Спортинг клубынан Манчестер Юнайтед командасына ауысар алдындағы сәтті еске алды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

«Өкінішке қарай, мен оны стадионның салтанатты ашылуында (жолдастық матчта “МЮ”-ге қарсы) алаңға шығардым, содан кейін ол кетіп қалды. Есімде, оған: қабілеті мен мақсаткерлігінің арқасында әлемнің үздігі боласың дедім.

Бірнеше жылдан соң оның шынымен де әлемнің ең үздік ойыншысы атанғанын көргенде, мен үшін бұл үлкен мақтаныш болды», — деді Сантуш.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан құрамасы күздегі қарсыластарын анықтады

World Boxing жаңа салмақ дәрежелерін бекітті

ҚПЛ-дың топ-клубының көшбасшысы жанкүйерлерімен қоштасты

Redaktor Yersport