YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратВолейбол\Жаңалықтар

Астанада әйелдер волейболының апталығы өтеді

Қазақстан Кубогы-2026

6–12 сәуір аралығында Астанадағы Барыс Арена кешенінде әйелдер арасындағы Ұлттық лига чемпионатының плей-офф кезеңі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Ел чемпиондығы үшін Қазақстанның ең мықты төрт клубы таласқа түседі: талдықорғандық «Жетісу», петропавлдық «Қуаныш», өскемендік «Берел» және түркістандық «Тұран».

Жарыс аясында екі жартылай финал сериясы (екі жеңіске дейін) өтеді:
– «Жетісу» – «Тұран»
– «Қуаныш» – «Берел»

Сондай-ақ финал мен үшінші орын үшін матчтар да екі жеңіске дейін жалғасады.

Айта кетейік, Қазақстан волейболы тарихында тұңғыш рет шешуші ойындар елорданың басты мұз аренасында өтпек. Барлық матчтарға кіру тегін болады.

Ұқсас мақалалар

«Қалғым келді». Адиевтің Қазақстан құрамасынан кетуінің шынайы себебі айтылды

Альваро Арбелоа «Валенсияға» қарсы ойын жайлы: «Бұл жеңіс – төзімнің, мінездің және командалық рухтың нәтижесі»

Күн жаңалықтары: «ПСЖ» жеңілісі, Тудор «Тоттенхэмге», Модричтің шоуы