YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратФутбол

Неймардың тізе жарақатынан кейінгі отасы сәтті аяқталды

Неймар

Бразилиялық «Сантос» клубының баспасөз қызметі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде команда вингері Неймардың сәтті отадан өткенін хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 33 жастағы футболшыға медиалдық мениск жарақатына байланысты артроскопиялық ота жасалған.

— Медиалдық мениск зақымын емдеуге бағытталған артроскопия сәтті өтті. Ота ойдағыдай аяқталды, спортшының жағдайы жақсы. Неймар бүгін күндіз ауруханадан шығып, оңалту процесін бастайды. Реабилитацияны оның физиотерапевті Рафаэл Мартини үйлестіреді, — делінген клуб таратқан хабарламада.

Айта кетейік, қараша айында Неймар Сан-Паулу қаласында медициналық тексеруден өтіп, мениск жарақаты анықталған болатын. Соған қарамастан, ол Бразилия чемпионатының 37-туры аясында «Жувентудеге» қарсы матчқа қатысып, хет-трик авторы атанды. Бұл жеңіс (3:0) «Сантостың» элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалуына тікелей әсер етті.

Маусым қорытындысы бойынша «Сантос» турнир кестесінде 12-орын алып, 47 ұпай жинады. Неймар чемпионат барысында 28 матч өткізіп, 11 гол соқты.

Ұқсас мақалалар

ҚПЛ клубы 2026 жылғы маусым бойы өз алаңында ойнай алмайды

Redaktor Yersport

«Астана» мен «Қайсардың» бұрынғы ойыншысы Чемпиондар Лигасында гол соқты

Redaktor Yersport

Азия Чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы