YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Ресми: Роман Муртазаев «Елімаймен» келісімшартын ұзартты

Роман Муртазаев

Семейлік «Елімай» футбол клубы 32 жастағы қазақстандық шабуылшы Роман Муртазаевпен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы Yersport.kz тілшісі мәлімдейді.

Роман Муртазаев — Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабында «Шахтер», «Ертіс», «Астана», «Тобыл» клубтарында, сондай-ақ Ресейдің «Балтика» командасында өнер көрсеткен. Семейлік ұжымға шабуылшы 2024 жылдың қаңтар айында қосылған болатын.

Футболшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Өткен маусымда Муртазаев «Елімай» жейдесінде 25 кездесуге қатысып, 7 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді. Одан бөлек, семейлік клубқа өз тарихында алғаш рет УЕФА Конференциялар Лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алуға көмектесті.

Ұқсас мақалалар

Әли Әлиев КПЛ клубының бас бапкері болып ресми тағайындалды

Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасында жүз гол соққан үшінші ойыншы атанды

Брюссель төрінде кім қазылық етеді? Бельгия — Қазақстан матчының төрешілері тағайындалды