YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратБокс

Олимпиада чемпионы таяққа жығылды: Қылмыстық іс қозғалды

Олимпиада чемпионына шабуыл: Қарағандыда қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев 21 қаңтар күні спорт кешендерінің бірінде орынбасары, самбодан әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімхановтан таяқ жегені белгілі болды. Қарағанды полициясы бұл фактіді растады және қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Серік Сәпиев басқарма басшысы лауазымына 2024 жылдың 27 қарашасында тағайындалған. Бұған дейін ол Лондон Олимпиадасының чемпионы, «Астана арландары» бокс клубының директоры, Мәжіліс депутаты, Спорт комитетінің төрағасы және Ұлттық Олимпиадалық комитеттің вице-президенті қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Ұқсас мақалалар

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің финалына шығу үшін матч өткізеді

Самат Смақов:  Үндістан мен Моңғолияның өзі бізден озып кететін түрі бар

ҚПЛ клубы Серікжан Мұжықовқа қатысты шешімін жариялады