YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

ҚПЛ клубы Серікжан Мұжықовқа қатысты шешімін жариялады

Серікжан Мұжықов

«Оқжетпес» клубы тәжірибелі қазақстандық жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықовпен қош айтысқаны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Yersport.kz көкшетаулық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарланғандай, 36 жастағы футболшы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетеді.

Еске салайық, өткен маусымда Мұжықов 22 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Сонымен қатар биыл ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында үш ойынға қатысты.

Бұған дейін Серікжан Мұжықовпен келісімшартқа қол қойғанын талдықорғандық «Жетісу» клубы жариялаған болатын.

Айта кетейік, «Оқжетпес» ҚПЛ-2025 маусымын 35 ұпаймен сегізінші орында аяқтады.

Ұқсас мақалалар

Михаил Шайдоров Қытайда өткен Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Redaktor Yersport

Роберт Левандовски «Барселонаның» оны гол соқпауға өтінгенін растады

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасында тарихқа енді