YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
баскетбол

«Атырау Барыстарының» қос командасы да жеңімпаз атанды

Дереккөз: 3x3_bcbarsy инстаграм парақшасынан

30-31 мамыр аралығында Алматы қаласында баскетболдың 3х3 форматында Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған додада “Атырау Барыстары” баскетбол командасының 23 жасқа дейінгі ерлер құрамы және 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер командалы бақ
сынады.

2 күнге созылған сайыс нәтижесінде 18 жастан асқан ерлер құрамы финалдық кезеңде “Western wolves” командасынан басым түсіп, чемпионаттың үздігі атанды.

U23 командасына тоқталар болсақ, жігіттер PBC “Astana” командасын 21-9 есебімен жеңіске жетті. Онымен қоса, «Атырау барыстарының» сапындағы Тимур Тангиев турнирдің үздік ойыншысы атанды. Сонымен қатар, ойындар арасында 3 ұпайлық соққылар конкурсында Рамазан Самсин жеңімпаз болды.

Ал әйелдер командасына келсек, “Dream team” командасына қарсы өткен ақтық бәсекеде 11-8 есебімен жеңілген болатын. Сайыс барысында тұрақты ойын көрсетіп келген әйелдер командасы финалдық кездесуде қарсыласына есе жіберіп, чемпионатты күміс жүлдемен аяқтады.

Осылайша, Қазақстанның 3х3 баскетболының дамуына елеулі үлес қосқан, бірыңғай құрлықтық лига және түрлі халықаралық сайыстардың тұрақты қатысушысы болған “Атырау барыстары”
командасы өздерінің ел ішінде үздік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Дастан Мұфтолла

Ұқсас мақалалар

Яннис Адетокумбо: «Месси – нағыз талант, бірақ маған Роналду жақын»

Redaktor Yersport

Леброн Джеймс нәтижелі пастар бойынша тарихта екінші орынға көтерілді

Кварацхелия 2025 жылы Чемпиондар лигасын ұтса да, Грузияның үздік спортшысы атанған жоқ