YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың есімі тағы да үздіктер қатарында

Темірлан Анарбеков

УЕФА Чемпиондар Лигасына аяқталып, Францияның “ПСЖ” командасы чемпион атанды. Тұрақты түрде өтіп келе жатқан бұл доданың биылғы маусымы еліміз үшін жемісті болды. Басты себеп алматының «Қайраты» араға 10 жыл салып Қазақстанның намысын үлкен сайыста қорғап тұрған екінші команда.

“Қайрат” футбол клубы чемпиондар лигасында Еуропаның алпауыттарымен кездесіп, лайықты қарсылық көрсете білді. “Интер”, “Арсенал”, “Олимпиакос” және “Брюгге” сынды клубтармен терезі тең өнер көрсетуіміздің басты себебі жүрегі ел үшін соғатын жастарымыздың алаңда соңына дейін тер төккендігінде. Солардың қатарында команданың қосалқы құрамынан шықса да, команда ішінде өзінің ойып тұрып орын алған Темірлан Анарбеков.

Ол өзін Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне дейінгі іріктеу ойындарының шешуші сәтінде «Селтикке» қарсы қос ойында да керемет сейвтер жасап, қақпасын құрғақ сақтауымен қоса
пенальтилер сериясында қарсыластың бірнеше соққысын қайтарған болатын. Одан бөлек, топтық кезеңде грекияның “Олимпиакос” командасына қарсы өткен ойында команданың жеңілісне қарамастан ойынның үздік ойыншысы атанды. Бұл тарихқа енетін оқиға болды. Себебі бұған дейін ешқандай қазақ футболшысы Чемпиондар Лигасында ойынның үздік ойыншысы болмаған еді.

Чемпиондар лигасында «Қайрат» ел намысын қорғағанымен, өкінішке қарай бірде-бір жеңіске қол жеткізе алмады. Солайша «Қайраттың» Чемпиондар Лигасындағы жорығы ерте аяқталды. Дегенмен, Flashscore сайтының қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының осы маусымдағы үздіктерінен құралған құрамында Темірлан Анарбековтің де есімін байқадық. Алғашқы турларда жарақатына байланысты матчтарға қатыспаса да, отандасымыз тұрақты өнер көрсетуімен қатар, әдемі сейвтарымен және құрғақ ойындарымен көпшіліктің есінде қалды

Дастан Мұфтолла

 

Ұқсас мақалалар

«Арсенал» көшбасшысы «Қайратқа» қарсы матч алдында қатаң жазаға ұшырады

«Қалғым келді». Адиевтің Қазақстан құрамасынан кетуінің шынайы себебі айтылды

«Астон Вилла» 12 матчтан кейін алғаш рет жеңіліп, «Арсеналдан» (1:4) ұтылды. Клубтың рекордтық жеңіс сериясы тоқтады