YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтарЭксклюзив

Қазақстан құрамасы дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысын екі жүлдемен бастады

Талғат Орынбасар

Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 60 келіге дейінгі салмақта табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Талғат Орынбасар жарыс жолында сенімді белдесіп, турнирдің финалына дейін жетіп, Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды. Жартылай финалда отандасымыз Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Тайпей өкілі Янг Юнг-Вэйді жеңіп, ақтық сынға жолдама алған еді.
Айта кетейік, Талғат Орынбасар Астана төрінде өткен былтырғы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде де финалға шығып, күміс жүлдеге ие болған болатын.

Осылайша, жас дзюдошы елордадағы беделді жарыста екінші жыл қатарынан жүлде тұғырына көтерілді.

Ал қола жүлде үшін қазақстандық екі дзюдошы — Мағжан Шамшадин мен Шерзод Давлатов өзара кездесуі тиіс болған. Алайда Мағжан Шамшадин жарақатына байланысты татамиге шыға алмады. Нәтижесінде қола медаль Шерзод Давлатовқа бұйырды.

Атап өтейік, Мағжан Шамшадин — 2023 жылы Астанада алғаш рет өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің тұңғыш чемпионы. Осы жылдар ішінде ол жанкүйерлерге жарқын жеңістер мен тартысты белдесулер сыйлап, қазақстандық дзюдоның жарқын өкілдерінің біріне айналды.

Ұқсас мақалалар

Чемпиондар лигасының финалындағы төреші — «Интер» үшін жақсы белгі

Алонсо өз футболшыларын қорғау үшін бәріне дайын. Тіпті, сұсты Симеонеге де қарсы шықты

Дмитрий Бивол бұрынғы әйелін жала жабу ісі бойынша сотта жеңді

Redaktor Yersport