YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Қазақстан Кубогының 2025 жылғы финалы Қызылордада өтеді

Биылғы жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Кубогының финалдық матчы Қызылорда қаласындағы жаңа стадионда ұйымдастырылады. Бұл туралы кәсіби клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының жетекшісі Бахытжан Пазылқайыр «Nursultan Qurman» подкастында мәлімдеді.

«Біз Қазақстан футбол федерациясының президентіне кубок финалын өңірлердің бірінде өткізу туралы ұсыныс жасадық. Ол жаңа стадиондар салынып жатқан аймақтарды бақылауға алуды тапсырды», – деді ол.

Бұдан кейін Пазылқайыр Қызылордаға барып, облыс басшылығымен кездесіп, стадион құрылысының барысымен танысқанын айтты. Облыс әкімі бұл маңызды ойынды өткізуге өңір дайын екенін жеткізген.

Айта кетейік, Қызылордада бой көтеріп жатқан жаңа стадион 11 мың көрерменге арналған. Дегенмен, жергілікті «Қайсар» командасы биылғы маусымда Қазақстан Кубогынан шығып қалды.

Ұқсас мақалалар

Альваро Арбелоа «Валенсияға» қарсы ойын жайлы: «Бұл жеңіс – төзімнің, мінездің және командалық рухтың нәтижесі»

Мадридтік «Реалға» жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді

Redaktor Yersport

Данияр Әділбек: Команданың бұл маусымды әдемі аяқтағысы келетіні анық