«Валенсия» клубының 13 жастағы шабуылшысы Ғабидолла Оразалы Испания чемпионатының 16-туры аясында «Эльчеге» қарсы өткен ойында екі бірдей нәтижелі әрекет жасап, көзге түсті. Бұл туралы Yersport.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жас қазақстандық футболшы «жарқанаттарға» «Эльченің» құрдастарын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңуге көмектесті. Қанаттағы шабуылшының соққысы соншалықты қатты болды, доп қорғаушыдан рикошет алып, торға түсті. Сонымен қатар Оразалы нәтижелі пас та орындады.
Айта кетейік, бұл гол Ғабидолла Оразалы үшін маусымдағы 13-ші дәл соққы болды. Бұдан бөлек, бойы ірі ойыншы Валенсия автономды қауымдастығының құрамасының матчтарына да тұрақты түрде шақырылып жүр.
